Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Р.Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектебінде 08.06.2021 ж күні мектеп директоры Әбдіхалық Жақсылықұлының "Қамқоршылық кеңесі” және ата-аналар комитетіне оқу жылының соңында қорытынды есеп беру жиналысы өтті.
Күн тәртібінде:

2020-2021 оқу жылы бойынша оқушылардың білім сапасы;

Мектептің білім сапасы;

Мұғалімдердің жетістіктері;

Оқушылардың жетістіктері;

Мектеп мұғалімдерінің сапалық құрамы;

Мектептегі жас мамандар туралы сандық мәлімет;

Кезекші сыныпта оқыған оқушылар туралы мәлімет;

“Міндетті білім қоры” есебінен ыстық тамақпен қамтылған оқушылар саны туралы мәлімет;

Оқушылардың спорттық үйірмелермен қамтылуы;

Бітіруші 9-сыныптар туралы мәлімет;

2020-2021 оқу жылында оқушыларды оқулықпен қамтамасыз ету;

Мектеп кітапханасынан оқулықпен қамтылуы;

Жазғы мектепке оқитын оқушылар туралы мәлімет;

Мектептің алға қойған жоспары.
Атқарылған жұмыстар мен істер таныстырылды. Соңында “Қамқоршылық кеңестің “ төрайымы Бағдагул Оразқызы бүгінгі өткен кеңес жайлы өз пікірін білдірген видеороликті назарларыңызға ұсынамыз!





